logo Ministry of Foreign Affairs
Алжир Халық Демократиялық Республикасы
Астанадағы Алжир елшілігі

АЛЖИР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР, ШЕТЕЛДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТАР ЖӘНЕ АФРИКА ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК МИНИСТРІ ӨЗІНІҢ ТУНИСТІК ӘРІПТЕСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

АЛЖИР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР, ШЕТЕЛДЕГІ ҰЛТТЫҚ  ҚАУЫМДАСТАР ЖӘНЕ АФРИКА ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК  МИНИСТРІ ӨЗІНІҢ ТУНИСТІК ӘРІПТЕСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ  КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

АЛЖИР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР, ШЕТЕЛДЕГІ ҰЛТТЫҚ

ҚАУЫМДАСТАР ЖӘНЕ АФРИКА ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК

МИНИСТРІ ӨЗІНІҢ ТУНИСТІК ӘРІПТЕСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ

КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

 

2025 жылғы 27 қаңтарда Сыртқы істер, Шетелдегі ұлттық Қауымдастар

және Африка істері жөніндегі мемлекеттік министр Ахмед Аттаф мырза

Алжирге ресми сапармен келген бауырлас Тунис Республикасының Сыртқы

істер, көші-қон және шетелдегі тунистіктердің ісі жөніндегі министр

Мұхамед Әли Нафтимырзамен келіссөз жүргізді. Аталған келіссөздер екі

бауырлас ел арасындағы бауырластық және әріптестік қарым-қатынастарды

қарап, оны мүмкіндігінше ең жоғары деңгейге көтеру перспективаларын

талқылауға мүмкіндік жасады.

Сол күні Республика Президенті Әбделмаджид Теббун мырза Тунистің

Сыртқы істер, көші-қон және шетелдегі тунистер істері жөніндегі министрді,

онымен ілесе келген делегация мүшелерін қабылдады. Бұл кездесуге

Республика Президенті Кеңсесінің директоры Буғлем Буғлем мырза мен

Сыртқы істер, Шетелдегі ұлттық қауымдастық және Африка істері жөніндегі

Мемлекеттік министр Ахмад Аттаф мырза да қатысты.

Қабылдаудан кейін Тунис елінің Сыртқы істер, көші-қон және шетелдегі

тунистердің істері жөніндегі министр мәлімдеме жасап, онда Алжир мен

Тунис арасындағы қарым-қатынастардың тереңдігін, Тунис елі

басшылығының Алжир елімен арадағы бауырластық және ынтымақтастық

байланыстарды еселету жолында, көбірек күш салуға ынталы екенін атап

өтті.

Алжир Республикасы Президентіне бауыры Тунис Президенті Кайс

Сағидттің сәлемін жеткізгеннен кейін, Тунис Сыртқы істер министрі бұл

кездесудің жаңа мүмкіндік болғанын айтты. Ал Президент Абдельмаджид

Теббун мырза Тунис Республикасының президентіне деген өзінің

ризашылығын, құрметі мен сүйіспеншілігін жеткізді. Осы орайда, оның

сөзімен айтқанда, екі елге де басым бағыттар болып табылатын салалар

бойынша екі жақты ынтымақтастық байланыстарды күшейтуге бағытталған

тиімді әрі перспективалы жұмыс картасын әзірлеудің маңыздылығы аталып

өтті.

Сондай-ақ, олАлжир Республикасы Президентін Алжирдің Сыртқы

істер, Шетелдегі ұлттық қауымдастар және Африка істері бойынша

Мемлекеттік министрмен арада өткізген кездесудің күн тәртібімен

таныстырып, екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстарды күшейту

мақсатында әзірленетін жұмыс жоспары екі ел арасындағы барлық

бағыттарды қамтыған стратегиялық әріптестікті одан ары жылжуға ықпал

жасайды деген үмітін жеткізді.

Кездесу видеосын мына сілтеме бойынша көруге болады:

https://youtu.be/tNgieHuakOY

 

 

Барлық құқықтар қорғалған - Сыртқы Iстер Министрлігі және Шетелдегі Ұлттық Қоғамдастық - 2023