logo Ministry of Foreign Affairs
Алжир Халық Демократиялық Республикасы
Астанадағы Алжир елшілігі

Мәлімдеме

Мәлімдеме

 

Мәлімдеме

Республика Президентінің мәртебелі нұсқауларын жүзеге асыра отырып, оның шетелдегі ұлттық қауымдастық мүшелерінің мәселелерін қамқорлыққа алуды толық қалайтындығын ескеріп, олардың Отанына кіргенде, тұрғылықты жеріне оралған уақытта жүргізілетін іс-шараларды жеңілдету мақсатында, Алжирдің Сыртқы істер жөніндегі министрлігі шетелдегі ұлттық қауымдастық мүшелеріне және де мерзімділігі жарамды шетелдік төлқұжат йелеріне 2025 жылдың 31-ші желтоқсан күніне дейін, алдын ала виза алу талаптарын орындамай-ақ, ерекше түрде өздері кірген және шығар кезде көрсеткен құжаттары арқылы төменде көрсетілген екі жағдайдың біріне сай, елдің аумағына кіріп-шығуына мүмкін екендігін жеткізеді.  

  • Мерзімі жарамды шетелдік төлқұжатын жарамдылығы біткен болса да электронды биометриялық ұлттық куәлігімен қосып ұсынар болса;
  • Мерзімі жарамды шетелдік төлқұжатын жарамдылық мерзімі өткен болса да, алжирлік төлқұжатымен бірге ұсынған жағдайда.

Ал, ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен сапарға бірге шыққан кәмелет жасқа толмаған және де жастары 15-жастан төмен алжирлік куәландыру құжаттары жоқ балалар үшін, төмендегі тәртіп қолданылады.:

  • Отбасылық байланысты растайтын құжат көрсету (отбасылық кітапша, отбасы туралы куәлік немесе туу туралы куәлік және т.б.);
  • Қамқоршының өкілеттігін растайтын құжаттар (кепілдік, қорғаншы-өкілеттілік туралы құжат және т.б.).

 

Осы хабарламаның мазмұны Алматы қаласындағы алжирлік ұлттық қауымдастардың өкілі Әбделқадыр Гриму мырзамен келісе отырып, Қазақстан Республикасында тұратын Алжирлік қауымдастықтарға арналған WhatsApp желісінде де жарияланды.

Барлық құқықтар қорғалған - Сыртқы Iстер Министрлігі және Шетелдегі Ұлттық Қоғамдастық - 2023