logo Ministry of Foreign Affairs
Алжир Халық Демократиялық Республикасы
Астанадағы Алжир елшілігі

ПРЕЗИДЕНТ ӘБДЕЛЬМАДЖИД ТЕББУН МЫРЗАНЫҢ ФРАНЦУЗДЫҚ L’OPINION ГАЗЕТІМЕН СҰХБАТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ӘБДЕЛЬМАДЖИД ТЕББУН МЫРЗАНЫҢ ФРАНЦУЗДЫҚ L’OPINION ГАЗЕТІМЕН СҰХБАТЫ

 

ПРЕЗИДЕНТ ӘБДЕЛЬМАДЖИД ТЕББУН МЫРЗАНЫҢ ФРАНЦУЗДЫҚ L’OPINION ГАЗЕТІМЕН СҰХБАТЫ

Алжир президентінің әкімшілігі 2025 жылдың 2 ақпанында өзінің Facebook аккаунтындағы парақшасы арқылы Республика Президенті Әбдельмаджид Теббун мырзаның француздық L'Opinion газетіне берген сұхбатының негізгі тақырыптарын жариялады:

  1. Франциямен қарым-қатынас:
  • Осы сәттен былай, жарасымға келмейтін алшақтыққа кетпесіміз үшін допты Елисей сарайының еншісіне қойдық;
  • Франциямен арадағы атмосфера зиянға айналды және біз Макронмен бос уақыт өткізу үстіндеміз;
  • Франция Ішкі істер министрі алжирлік танымал блогерді елден қууға тырысып, Алжирге саяси соққы жасамақ болды;
  • Франция алжирлік әлеуметтік желі пайдаланушы белсенділерді қудалауда және қылмыскерлер мен лаңкестерге азаматтық беріп, оларды баспанамен қамтып қорғауда;
  • Кейбір француздық саясаткерлер біз оқшаудамыз деген сарындағы мәлімдемелері біздің күлкімізді келтіреді;
  • Сенсал – ол, проблема жасаушылардың мәселесі, одан әлі барлық құпия-сырды білмедік;
  • Сенсал емін алып, отбасымен сөйлесіп тұр.
  • Есте қалған ескіні мұқият емін жасау қажет, біз төсеніш астында қалған шаң іспетті із қалдырған шешімдерді қабылдамаймыз;
  • Гуманитарлық, моральдық, саяси, әскери тұрғыдан алғанда да Алжирді ядролық қалдықтардан тазарту Франция үшін міндетті іс;
  • Франция – өз жеріндегі экстремистік келбет алған жиһадтық іспен өзі ғана айналыссын. 
  1. Алжирдің халықаралық қатынастар бойынша қазіргі ахуалы:

Егемендігімізге қол жеткен күннен, осы уақытқа дейін Алжир Республикасы сыртқы саясатта екі негізгі бағытты ұстанды. Ол - блоктарға қосылмау және елдердің ішкі ісіне араласпау.

  • Біздің Жерорта теңізі елдерімен арамызда инвестициялар мен сауда салалары бойынша керемет қарым-қатынас орнаған;
  • Алжир Африка аумағындағы тұрақтандырушы күш.
  1. Америка Құрама Штаттарымен арадағы байланыстар:
  • АҚШ-тың демократ немесе республикашыл болсын барлық президенттерімен қарым-қатынасымыз қашанда жақсы;
  • Біз – АҚШ-тың азат ету соғысы кезінде Алжир мәселесін Біріккен Ұлттар Ұйымына көтергенін ешқашан ұмыт қалдырмаймыз;
  • Америка Құрама Штаттары – ұлтымыздың қаһарманы Әмір Әбделқадыр есімімен аталатын қаласы бар жалғыз ғана мемлекет;
  • Біздің ең үлкен жобаларымыз американдықтармен бірге Президенттеріміз Бумедьен, Чадли және Бутефлика дәуірінде көмірсутегі мен өзге де секторлар бойынша жүзеге асты.
  1. Сирия:
  • Алжир – Сирияның 2022 жылы Араб Лигасына қайта қабылдануына қарсы шыққан;
  • Алжир қашанда сирия халқына қарсы бағытталған қырғынға қарсылық білдіріп, мұнысын шешімді түрде бұрынғы президентке жеткізгенде болатын. Алжир – дағдарысты шешу жолында саяси диалогты қолдады.
  1. Ресей, Қытай және жағалау:
  • Алжир – барлығы біртұтас деп, халықаралық саясаттағы қос стандарттарды қабылдамайды;
  • Украинаға қатысты дағдарыста Ресейді айыптап жатыр, ал - Голан мен Батыс Сахараны аннексиялауға қатысты үнсіздік сақталуда;
  • Алжирдің Ресеймен арадағы дәнекерлігіне Украина үн қатпады.
  • Алжирде қытайдың көптеген сала бойынша инвестициялары бар және олар технология, цифрлендіру мен заманауи өндірістік салаларға бағытталған.
  • Сахель (жағалай) елдерінде кейбірінің билік институттары әлсіз болғандықтан, әскери төңкеріс болады деп болжануда;
  • Алжир өз шекараларында жалдамалы күштердің болуын қаламайды және бұл жайында Ресейді хабардар етті де.
  • Алжир Малидегі ешқандай да лаңкестік топтарға көмек бермейді және бейбітшілікті қолдайтындығын растайды.
  • Алжир – Малиді өз билігінің астына бағындыруды мақсат етпейді;
  • Біз Мали еліне арамыздағы даудың басы шетелдік тараптың араласу салдарынан өрбігенін түсіндірдік;
  • Алжир Малидің солтүстігіне арнап миллиондаған долларды құрайтын кешенді даму жоспарын әзірлеу үстінде болған;
  • Алжир мен Мали арамызда созылған туарег қауымдастығы бойынша байланыстық бар және біз қашанда тату әрі бірге болуға әзір болдық.
  1. Туниспен қарым-қатынас:
  • Бауырым Президент Қайс Сағид сынға қарамастан Тунисте танымалдылыққа ие;
  • Тунис халқы дана халық және Алжир – Тунис елін қолынан келгенше экономикалық тұрғыда қолдайды;
  • Тунис Алжир мәселесін қолдағаны үшін, отаршылдық әуе шабуылынан зардап көрді, бүгінгі таңда бауырлас Тунис халқының жанында болу біздің міндетіміз.
  1. Батыс Сахара және Марокко:
  • Алжир Батыс Сахараны қолдайтынын растайды, өйткені, отарлау мәселесі қанша созылса да шешімін табуы керек. Мысалы,  Алжир егеменідігін 132 жылға созылған оккупациядан кейін алды.
  • Марокко егемендігімізге 9 ай толмай жатып, аумақтық тұтастығымызға бірінші болып шабуыл жасады және оның бізге жасаған шабуылының нәтижесінде 850 шәйіт қаза тапты;
  • Алжир әлі де Мароккомен әрекеттік емес, реакциялық логикада тұр;
  • Марокко қашанда экспансионистік түсінікте болды, оған дәлел Мавританияны 1972 жылға дейін мойындамауы.
  • Марокко алжирліктерге бірінші болып 1994 жылы виза талабын қолданғанын есте сақтауларыңыз керек.
  • Біз Марокко әуе кемелеріне әуе кеңістігіміздің тұсында сионистік құрылыммен бірлескен жаттығулар жасауына жол бермедік, себебі, бұл тату көршілік ұғымына қайшы.
  • Осы жағдайға нүкте қоюымыз керек. Марокко халқы ең үздік жақсылыққа лайық бауырлас ел.

Республика Президенті Әбдельмаджид Теббунның сөздері, Алжир үшін маңызға ие ішкі және сыртқы барлық мәселелер бойынша оның жан-жақты көшбасшылық стратегиясы елдің болашағына, оның аймақтық және халықаралық деңгейлердегі геостратегиялық орналасуына қатысты болашақ көзқарасын көрсетеді.

Президент Әбдельмаджид Теббунның баспасөзге берген сұхбатында көтерген мәселелерді төмендегі сілтемеден көруге болады:

https://www.facebook.com/100064552101732/posts/1035018991993161/?rdid=qA4lqSYPZyoAwcBJ#

 

 

 

Барлық құқықтар қорғалған - Сыртқы Iстер Министрлігі және Шетелдегі Ұлттық Қоғамдастық - 2023