Алжирдің Астанадағы Елшілігі 1961 жылы 17 қазанда Парижде өткен шерулерді еске алып, Ұлттық көші-қон күнінің алпыс үш жылдығын атап өтуде.
![Алжирдің Астанадағы Елшілігі 1961 жылы 17 қазанда Парижде өткен шерулерді еске алып, Ұлттық көші-қон күнінің алпыс үш жылдығын атап өтуде.](/_next/image?url=http%3A%2F%2Fassets.mfa.gov.dz%2Fmedia%2Fembastana%2Farticles%2Fjpeg%2FIMG-20241017-WA0005.jpeg&w=828&q=70)
Алжирдің Астанадағы Елшілігі 1961 жылы 17 қазанда Парижде өткен шерулерді еске алып, Ұлттық көші-қон күнінің алпыс үш жылдығын атап өтуде.
Астана, 2024 жылғы 17 қазан
Бүгін Қазақстандағы Алжир Елшілігі Ұлттық көші-қон күнінің алпыс үш жылдығын атап өтті, ол 1961 жылғы 17 қазандағы (2024 ж.): «Тиістілік мақтанышы... және адалдық маршы» демонстрацияларын еске алды. 1961 жылы 17 қазанда Парижде болған қанды қырғында қаза болғандардың рухына қазақ баспасөзінің қатысуымен және барлық елшілік қызметкерлері мен өкілдерінің қатысуымен.
Осыған орай елшілік ғимаратында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды, содан кейін бір минут үнсіздік жарияланып, әділетті шейіттердің рухына тағзым етілді.
Сонымен қатар, Елшіліктің Төтенше және өкілетті елшісі Кемал Фениш
мырза сөз сойлеп, баяндамасы арқылы мәңгі есте қалатын бұл тарихи
күннің мағыздылығына тоқталды. Аталған қанды-қырғын,
Халықаралық Сот Заңына сәйкес адамзатқа қарсы жасалған
қылмыс есептелетіндігіне, оның мерзімділігі ешқашан
бітпейтіндігін айтып, Алжир Республикасы Ұлы азат ету
революциясының даусын бүкіл әлемге естірту мақсатында бейбіт
шеруге шыққан боздақтарына адал екеніне, ел ішінде ия болмаса
сыртында болсын алжирліктердің қалауы тек тәуелсіздік
болғанын, шерудің соңы қанды-қырғынға ұласып, француз полициясы
демонстранттарға қарсы жанды оқ атып, оларға қарсы
шабуылдап, денелерін «Сена» өзеніне лақтырды деді Елші.
Мәртбелі елші – аталған бейбіт шерудің ұрпақтан ұрпаққа барлық
алжирліктердің санасында мәңгі сақталатындығына, оның
замандар бойы халқымыздың өзіне берген шын уәдесі мен мызғымас
ұстанымы екеніне тоқталып, Құран Кәрімнің Имран сүресін еске
алды.: Алла жолында өлтіргендерді өлі деп ойлама, әрине олар
тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі. (169)
Олар Алланың кеңшілігімен өздеріне берген нәрселеріне мәз-
мейрам болады да, әзірше өздеріне қосылмай арттарында
қалғандарды да: «Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» деп шүйіншілегілері келеді. (170).
Мәртебелі елші мырзаның сөзінен кейін, еске алу мерекелік-іс-
шараға қатысушылар шейіт болған боздақтардың рұхтарына
тағзым жасап, олардың есімдері мәңгі сақталып, мәртебелері биік болуын тіледі.
«Алжир жасасын, ер жүрек шейіт болған бауырларымыз мәңгі
жасасын, мәртебелері биік болсын»!!!!