logo Ministry of Foreign Affairs
Алжир Халық Демократиялық Республикасы
Астанадағы Алжир елшілігі

АЛЖИР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ БІРІНШІ ҚАРАША (1954-2024) ДАҢҚТЫ АЗАТ ЕТУ РЕВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫН «ҚАРАША АЙЫНА АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАРУ» ҰРАНЫ АЯСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТТІ.

АЛЖИР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ  БІРІНШІ ҚАРАША (1954-2024) ДАҢҚТЫ АЗАТ ЕТУ РЕВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ 70  ЖЫЛДЫҒЫН «ҚАРАША АЙЫНА АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАРУ» ҰРАНЫ  АЯСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТТІ.

АЛЖИР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ

БІРІНШІ ҚАРАША (1954-2024) ДАҢҚТЫ АЗАТ ЕТУ РЕВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ 70

ЖЫЛДЫҒЫН «ҚАРАША АЙЫНА АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАРУ» ҰРАНЫ

АЯСЫНДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТТІ.

 

Астана, 2024 жыл, 1-ші қараша

 

– Алжир Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі

жоғары мәртебелі елші Кемал Фениш мырзаның басшылығымен 2024 жыл, 1-

ші қараша күні Бірінші қараша (1954-2024) Даңқты азат ету революциясына

70 жыл толуын «Атақты қараша: адалдық пен жаңару» ұраны аясында

салтанатты түрде атап өтті.

– Осы орайда, 2024 жылдың 1-ші қараша күні, Астана қаласының

ортасында орналасқан Риксос Президент отелінде, кешкі сағат 19.00-де

мәртебелі елші Кемал Фениш мырзаның басшылық етуімен Қазақстан

Республикасының Сырты істер мнистрінің орынбасары Әлібек Бақаев

мырзаның, Қазақстан Республикасының Мұсылмандары Діни басқармасы

төрағасы-Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының, Қазақстан

Республикасында аккредиттелген араб және шет елдері елшілерінің және де

бірнеше қазақстандық жауапты тұлғалардың, Елшіліктің барлық

қызметкерелері мен Қазақстан Республикасында тұрып жатқан Алжир елі

қауымдастығы мүшелері Рияд Сахуани мырза және оның әйелі мен қызы, Мұхаммад

Тауахири мырза және Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы

қауымдастығының өкілі Мұхаммад Деруиш мырзаның, Қазақстан

Республикасының баспасөз өкілдерінің қатысумен ресми мерекелік іс-шара

ұйымдастырылды.

– Алжир мен Қазақстан Республикаларының мемлекеттік әнұрандары

шырқалғаннан кейін жоғары мәртебелі елші Кемал Фениш мырза аталған

мерекелік іс-шараға байланысты қазақ тілінде сәлемін жолдап, сөз сөйледі.

Елші сөзінде біріншіден алғашқы қараша естелікті күн – ол, Алжир елі үшін

ең маңызды тіптім ең ардақтысы есептелетінін, отарлауға қарсы азат ету

революциясының тұтануына түрткі болып, батырларымыздың, халқымыздың

үлкен құрбандығының арқасында ардақты Отанымыздың егеменді ел

болуына себеп болған күн екенін баса айтты.

– Сонымен қатар, 2024 жыл, 07-ші қыркүйекте Әбельмаджид Теббун

мырзаның президенттіке қайта сайлануы, жаңа Алжир құру бағытын

жалғастыру ол –еліміз үшін шешуші қадам екеніне тоқталып, экономиканы

жандандыру Республика Президентінің алғышарты екенін айтты.

– Ал, Қазақстан Республикасымен арадағы байланыстарға келсек, онда

екі ел қарым-қатынасы 1995 жылдан бастау алатынын және Алжир

Республикасының Сыртқы істер жөніндегі министрлігінің Бас хатшысы

Лунас Макриман мырза мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер

министрі орынбасары Әлібек Бақаев мырзаның 2024 жылдың ақпанын

айындағы соңғы кездесуі барлық салалар бойынша екі ел арасында қол

қойылған келісім-шарттар төңірегіндегі келіссөздерді жалғастыруға

арналғанын сөз етті.

– Осы орайда, Мәртебелі Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаевты Қазақстанның Алжирдегі елшілігінің ашылып, Анурбек Ахмедов

мырзаның Қазақстанның Алжирдегі Елшісі болып тағайындалуына

құттықтау сөз айтып, оған жаңа қызметінде табыс пен сәттілік тіледі.

Еліміздің жаңа саяси бағыты Азия және Орта Азия елдері болатыны баса

айтылған Республика Президенті Әбдельмаджид Теббун мырзаның

тапсырмасын жүзеге асыра отырып, екі ел арасындағы достық

байланыстарды еселетуге деген құлшынысын аса назарға алды.

– Сонымен қатар, Алжирдегі жаңа инвестициялық заң инвесторларды екі

жақты салық салудан қорғап, көптеген салықтық жеңілдіктер жасайтынын,

заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ететінін атап өтіп, ұлттық және

шетелдік инвестицияны ынталандыруға бағытталған салықтық іс-шараларды

қамтығанына тоқталды.

– Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта билік үшін күрес пен геосаяси

шиеленістің күшеюінен жаһандық либералдық тәртіптің терең дағдарысқа

ұшырап жатқанын және жаһандық державалардың әлемдік тәртіптегі

үстемдігін қалай болса да сақтап қалғысы келетініне назар аударды. Міне,

осы жүйедегі орта державалардың маңыздылығы және олардың халықаралық

сахнада өз дауысын жеткізуге мүмкіндік беретін көпжақты дипломатияға

қатысуы.

– Осы орайда, жаһандық дипломатияның Біріккен Ұлттар Ұйымының

принціптері негізінде түзеліп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әлемдегі бейбітшілік

пен қауіпсіздікті сақтауда, жауапты екеніне тоқталды. Дегенмен, Біріккен

Ұлттар Ұйымы институттарының көнеруінің салдарынан, қазіргі таңда

әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан, әсіресе Палестинадағы жағдай

бойынша өз міндетін атқаруға қауқарсыз дей келе, Алжирдің соғысқа

жүгінуді қабылдамайтындығына, халықтардың егемендігін, тәуелсіздігін, өз

тағдырын өзі анықтау құқығын қорғайтынына тыңдаушылардың назарын

аударды. Сондай-ақ, Алжир Республикасының Қауыпсіздік кеңесіне тұрақты

емес мүше болып сайланған уақыттан бері атқарған дипломатиялық қажырлы

еңбегін, жүргізген күресін ерекше атап өтті.

– Осы орайда, даңқы әлемге тараған революцияны еске алу мерекелік іс-

шараны Алжирмен бірге тойлатуға келген барлық қонақтарға алғыс айтып,

Республика Президенті Әбделмаджид Теббун қашанда қорғап жүретін

барлық халықтардың әл-ауқаты, жаһандық бейбітшілік пен әділеттілік

принциптерін құрметтеу жолында ынтымақтастық жасауға шақырды. Әрі,

Қазақстан Республикасында тұратын алжирлік қауымдастықтың барлық

мүшелеріне Республика Президентінің сәлемін сәлемін жолдап, оларды

ешқашанда назардан тыс қалдырмайтындығын жеткізді.

– Сөз соңында, Қазақстан Ресупбликасының Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаевқа өзінің сәлемін жеткізіп, қазақ халқын 16 желтоқсан – Қазақстанның

Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Осыдан кейін, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің

орынбасары Әлібек Бақаев сөз сөйлеп, Алжирді азаттық революциясының 70

жылдығымен ерекше құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт

Тоқтаветың басшылығы аясында Қазақстан екі ел арасындағы

ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға мүдделі екеніне жаңа бір

тоқталды.

– Мәртебелі елші Кемал Феништің, ҚР-ның Сыртқы істер министрінің

орынбасары Әлібек Бақаевтың, Қазақстан Республикасының Бас мүфти

тарапынан екі елдің жалаулары безендірілген торт бірлесе кесіліп, арнайы

салтанатты мерекелік іс-шараға келген барлық қонақтарға «швед үстелі»

ұсынылды. Мерекелік іс-шара ұйымдастырылған залдың ішінде елші мен

министр орынбасарының сөздері көрсетіліп, Алжир революциясы, Алжир

ұлттық армиясы, туризм, мәдениет және алжир әндері жайында

бейнероликтер көрсетіліп, атақты Алжир революциясы мен алжирлік батыр

күрескерлердің суреттері ұсынылды.

– Мерекелік іс-шара кешкі сағат 23.00-де аяқталды.

– Ержүрек құрбан болған тұлғаларымыз мәңгі

жадымызда сақталып, даңқтары аса берсін.

Алжир жасасын!!!

Барлық құқықтар қорғалған - Сыртқы Iстер Министрлігі және Шетелдегі Ұлттық Қоғамдастық - 2023