logo Ministry of Foreign Affairs
Алжир Халық Демократиялық Республикасы
Астанадағы Алжир елшілігі

Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің 1962 жылғы 19 наурызды еске алу мерекесінде сөйлеген сөзі

Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің 1962 жылғы 19 наурызды еске алу мерекесінде сөйлеген сөзі

Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің 1962 жылғы 19 наурызды еске алу мерекесінде сөйлеген сөзі


Астана, 19 наурыз 2026 жыл

Аса мейірімді, ең мейірімді Алланың атымен


Құрметті әріптестер,
Қадірлі қонақтар,
Сіздерге қайырлы таң тілеймін. Бүгінгі басқосуымыз құтты болсын.


Біз бүгін Алжирдің қазіргі тарихындағы шешуші күндердің бірін еске алу үшін жиналып отырмыз. Бұл күн алжир халқының қайсарлығын, ешқашан мойымайтын жігерін және бостандықтың сый емес, күреспен келетін қасиетті құндылық екеніне деген терең сенімін тағы бір мәрте дәлелдеді.


1962 жылдың дәл осы күні Эвиан келісімдері жасалып, атысты тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл — адамзаттың қазіргі тарихындағы ең ұзақ әрі ең қасіретті кезеңдердің бірінің аяқталуына бастау болған күн. 19 наурыз — ұзақ жылдарға созылған орасан зор құрбандықтардың, тәуелсіздікке деген берік сеніммен алға шыққан ерлер мен әйелдердің даңқты күресінің заңды нәтижесі болды. Олар үшін тәуелсіздік — уақыт пен құнға қарамайтын, кейінге қалдырылмайтын тағдыр еді.


Бұл күн бүкіл әлемге 1-қараша революциясы кездейсоқ оқиға да, оқшау қозғалыс та болмағанын көрсетті. Ол — бүкіл халықтың ортақ еркі, әділетсіздік пен отаршылдықты қабылдамаған, Ұлттық азаттық армиясының соңынан бір тудың астына топтасқан халықтың шынайы үндеуі болды. Олар жеңістің сөзсіз келетініне сенді.


Осы тарихи күннен алатын тағылымдарымыз көп. Бостандық тек бірлік арқылы сақталады. Егемендік тек Отанға деген берік сеніммен қорғалады. Ал болашақты құру үшін кешегі жеңісті әкелген рух қажет: ынтымақ, табандылық және тынымсыз еңбек.
Бүгін елімізге даму жолындағы сын-қатерлерді еңсеру, ұлттық бірлікті нығайту және Алжирдің аймақтық әрі халықаралық аренадағы орнын күшейту үшін дәл осы құндылықтар ауадай қажет.


Бұл күнді еске алу — жай ғана символдық рәсім емес. Бұл — ұлттық жадымызды бекіту, болашақ ұрпаққа шейіттердің аманатын жеткізу, олардың қандай құрбандықтармен келген тәуелсіздікті түсініп, елді дамыту жолын сеніммен әрі жауапкершілікпен жалғастыруына жағдай жасау.


Сөзімді аяқтай келе, Отан үшін жанын қиған барлық шейіттердің рухына тағзым етемін. Алла Тағала оларды рақымына бөлеп, Алжир елі мен халқына амандық, тыныштық және тұрақтылық нәсіп етсін.


Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет.

Барлық құқықтар қорғалған - Сыртқы Iстер Министрлігі және Шетелдегі Ұлттық Қоғамдастық - 2023