АЛЖИР – ШЫҒЫС АФРИКА ЖӨНІНДЕГІ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АФРИКА БОЙЫНША ДАМУ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ КОНГО ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ОРТАҚ САММИТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ҚОЛДАЙДЫ.
![АЛЖИР – ШЫҒЫС АФРИКА ЖӨНІНДЕГІ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АФРИКА БОЙЫНША ДАМУ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ КОНГО ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ОРТАҚ САММИТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ҚОЛДАЙДЫ.](/_next/image?url=http%3A%2F%2Fassets.mfa.gov.dz%2Fmedia%2Fembastana%2Farticles%2Fjpg%2FGjXRBj0W4AAvgn5.jpg&w=828&q=70)
🔴 Алжир – Шығыс Африка тобы мен Оңтүстік Африка бойынша даму қоғамдастығының Конго Демократиялық Республикасындағы дағдарысқа қатысты өткізген бірлескен саммитінің қорытындыларын қолдайды.
🔴 Сонымен қатар, Алжир Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы оқ ату әрекеттерді тез арада ешбір шартсыз тоқтатып, жалғасып жатқан аяусыз әскери іс-қимылдарды айақтауға бағытталған аталған бірлескен саммит кезінде бірауыздан қабылданған ундеулерге де қосылады әрі дағдарыстың жан-жақты, дәйекті, кешенді түрде шешімін табуы үшін Найроби мен Луанда жолдарын біріктіргенді қош көреді.
🔴 Алжир аталған бірлескен саммит кезінде білдірілген даналық үннің, оның жұмысын ерекшелендірген жауапкершілікті сезіну Конго Демократиялық Республикасында, жалпы тұтас алғанда Ұлы көлдер аумағында бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалпына келтіру мақсатында жаңа біртұтас жол аясында байыпты және сенімді диалог бастауға мүмкіндік береді деп үміттенеді.
🔴 Алжир Конго Демократиялық Республикасындағы қақтығысты бейбіт, әділ және ұзақ мерзімді реттеуге қол жеткізуге бағытталған осы біртұтас жолға халықаралық қоғамдастықтың қолдауын кеңейтіп, сүйемелдеп, еселету үшін А+3 тобы аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өкілеттігі бар өзге де Африка елдерімен бірлесе отырып жұмыс үйлестіруге әзір екенін білдіреді.
🔴 Бейбітшілікті, адам құқықтары мен өсуді жақтайтын Алжирдің дауларды бейбіт жолмен шешіп, жан-жалдарға ара-ағайындық жасап, кепілге түскенді босату мәселесінде кәсіби шеберлігі ұзақ тәжірибеге ие.
Сіздер Алжир Сыртқы істер, Шетелдегі ұлттық қауымдастық және Африка істері бойынша министрліктің мәлімдемесін төмендегі сілтемеден көре аласыздар:
https://x.com/Algeria_MFA/status/1888645446177784046/photo/1