logo Ministry of Foreign Affairs
Алжир Халық Демократиялық Республикасы
Астанадағы Алжир елшілігі

Алжир медиация күш-жігеріне көмектесуге дайын екенін растайды: Сыртқы істер министрлігінің, Шетелдегі ұлттық қоғамдастықтың және Африка істерінің Конго Демократиялық Республикасындағы қақтығыс туралы мәлімдемесі

Алжир – Конго Демократиялық Республикасындағы қақтығыстың қайта жандануына, қауыптың қайта өршуіне қатты алаңдаушылық білдіреді және аймақтағы бейбітшілікті қалпына келтіру үшін диалогты, келіссөздерді жауапты түрде қайта бастайтындай қажетті жағдай қалыптастыру мақсатында ұстамдылық танытып, жағдайды ушықтырмауға үндейді.

Осы ретте, Алжир елі Шығыс Африка қоғамдастығының және Оңтүстік Африканың даму тобының осы қақтығысқа қатысы бар барлық тараптар арасында шынайы және ізгі ниетті диалог орнатуға шақырған екі кезектен тыс саммитінің нәтижелерін қолдайды.

Дәл сол сияқты, Алжир үлкен қиындықтарға қарамастан, Ангола Республикасының Президенті Жоао Лоуренчо мырзаға және Кения Республикасының Президенті Уильям Руто мырзаға қақтығыстың барлық тараптары арасында атқарып жатқан тынымсыз және үздіксіз ара-ағайындық күш-жігеріне қолдау білдіреді әрі жігерлендіреді.

Осы тұрғыда, Республика Президенті Әбделмаджид Теббун мырза Мемлекеттік Сыртқы істер, Шетелдегі ұлттық қоғамдастық және Африка істері жөніндегі министрі Ахмед Аттаф мырзаға осы жанжалға қатысы бар, ара-ағайындық жұмысына қатысатын барлық елдердің сыртқы істер министрлерімен үздіксіз байланыста болуды тапсырды. Мұндай талпыныстың мақсаты - Алжирдің Конго Демократиялық Республикасында және бүкіл Ұлы көлдер аумағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге үлес қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін көрсету.

Сіздер, төмендегі сілтеме арқылы Сыртқы істер, Шетелдегі ұлттық қауымдастық және Африка істері жөніндегі министрліктің БАЯНДАМАСЫМЕН таныса аласыздар.

Сыртқы істер министрлігінің, Шетелдегі ұлттық қауымдастықтың және Африка істерінің мәлімдемесін келесі сілтемеден табуға болады:

https://x.com/Algeria_MFA/status/1885704544727777452?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Eeembeddedtimeline%7Ctwterm%5Euser-id%3A127991738071213E

Барлық құқықтар қорғалған - Сыртқы Iстер Министрлігі және Шетелдегі Ұлттық Қоғамдастық - 2023