Алжир медиация күш-жігеріне көмектесуге дайын екенін растайды: Сыртқы істер министрлігінің, Шетелдегі ұлттық қоғамдастықтың және Африка істерінің Конго Демократиялық Республикасындағы қақтығыс туралы мәлімдемесі
![Алжир медиация күш-жігеріне көмектесуге дайын екенін растайды: Сыртқы істер министрлігінің, Шетелдегі ұлттық қоғамдастықтың және Африка істерінің Конго Демократиялық Республикасындағы қақтығыс туралы мәлімдемесі](/_next/image?url=http%3A%2F%2Fassets.mfa.gov.dz%2Fmedia%2Fembastana%2Farticles%2Fjpg%2F%25D8%25A8%25D9%258A%25D8%25A7%25D9%2586_%25D8%25A7%25D9%2584%25D9%2583%25D9%2588%25D9%2586%25D8%25BA%25D9%2588_%25D8%25A7%25D9%2584%25D8%25AC%25D8%25B2%25D8%25A1_%25D8%25A7%25D9%2584%25D8%25A3%25D9%2588%25D9%2584_-_%25D8%25B9%25D8%25B1%25D8%25A8%25D9%258A%25D8%25A9.jpg&w=828&q=70)
Алжир медиация күш-жігеріне көмектесуге дайын екенін растайды: Сыртқы істер министрлігінің, Шетелдегі ұлттық қоғамдастықтың және Африка істерінің Конго Демократиялық Республикасындағы қақтығыс туралы мәлімдемесі
Республика Президентінің нұсқауларын жүзеге асыру аясында, Сыртқы істер жөніндегі, Сырт елдердегі Ұлттық қауымдастық пен Африка істері бойынша Мемлекеттік министр Ахмад Аттаф мырза Конго Демократиялық Республикасындағы шиеленіспен айналысатын Африка мемлекеттерінен тұратын бірнеше әріптестерімен және де осы шиеленісті бейбіт әрі дипломатиялық жолмен іреттеуді алға жылжытуға бағытталған делдалдық күш-жігерге қатысы бар елдермен үздіксіз байланыс үстінде.
Бұл Алжирдің Біріккен Ұлттар Ұйымы-Қауыпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жауапкершілікті өзіне алудағы талпынысынан, құрылықтағы бейбітшілік пен қауыпсіздікті еселетіп, Африка мемлекеттері арасындағы айрықша қарым-қатынастарды сақтау бағытындағы күш-жігердің барлығына тиімді үлесімді қоссам деген тұрақты ынтасынан туындап отыр.
Осы орайда, Мемлекеттік министр Ахмад Аттаф Конго Демократиялық Республикасы мен тиісінше Руанда елдеріндегі әріптестерімен телефон байланысы арқылы Конго Демкоратиялық Республикасының шығысында орын алған қақтығыстың қауыпті өршуін тоқтатуға кепіл болатын жолдар мен тәсілдерді, оның түбегейлі шешімін табу үшін саяси процесстерді тиімді жолмен қайта бастаудың негізін әзірлеуді талқылады.
Оған қоса, Мемлекеттік министр мырза Ангола мен Кения елдеріндегі өз әріптестерімен де телефон арқылы сөйлесіп, екі елдің дағдарысты Луанда мен Нируби жобасы атауымен әйгілі жолмен шешу керек деген мызғымас ұстанымдарын ерекше бағалап өтті. Министр Ахмад Аттаф мырза сұхбаттасушыларына Конго Демократиялық Республикасындағы және де Ұлы көлдер аумағының түкпір-түкпірінде бейбітшілік пен қауыпсіздікті орнатуға бағытталған істерде Алжирдің оларды толықтай қолдайтынына әрі олардың қатарына ілесуге толық әзір екеніне сендірді.
Соңында, Мемлекеттік министр Оңтүстік Африка мен Уганда елдеріндегі әріптестерімен де сұхбаттасып, осы жанжалды реттеуге бағытталған ара-ағайындық іс-шаралармен сәйкес келетіндей етіп, мәні тыныштық пен даналық болатын атмосфера қалыптастыру мақсатында құрылықтағы барлық белсенді күштерді дипломатиялық іске көптеп жұмылдыру қажеттігі туралы келісті.
Мемлекеттік министр Ахмад Аттаф мырза, оның барлық африкалық әріптестері де Шығыс Африка қоғамдастығының, Оңтүстік Африка бойынша Даму тобының алдағы күндері осы дағдарыс төңірегінде бірлескен саммит ұйымдастыру туралы көтерген бастаманы – Конго Демократиялық Республикасындағы атысты тоқтатуға қайта оралу жолын әзірлеуге және аймақтың түкпір-түкпірінде тұрақтылық, әділдіп пен түпкілікті бейбітшілік жағдайын қалыптастыруға пайдаланып, оны жүзеге асырулы тиіс мүмкіндік деп қабылдады.
Алжир елі ара-ағайындық жасау әрі дауларды бейбіт жолмен шешу тұрғысынан тәжірибесі озық, оған қоса жанжалдарды шешу, кепілге түскенді босату ісінде кәсібилік деңгейі жоғары.
Сіздер, төмендегі сілтеме арқылы Сыртқы істер, Шетелдегі ұлттық қауымдастық және Африка істері жөніндегі министрліктің БАЯНДАМАСЫМЕН таныса аласыздар
Сыртқы істер министрлігінің, Шетелдегі ұлттық қауымдастықтың және Африка істерінің мәлімдемесін келесі сілтемеден табуға болады: