Алжир Республикасы Елшілігі «Күрескер батыр Ұлттық күні» атауымен мерекелік іс-шара , 2024 жылдың 20 тамызында
![Алжир Республикасы Елшілігі «Күрескер батыр Ұлттық күні» атауымен мерекелік іс-шара , 2024 жылдың 20 тамызында](/_next/image?url=http%3A%2F%2Fassets.mfa.gov.dz%2Fmedia%2Fembastana%2Farticles%2Fjpg%2F20240820_113047.jpg&w=828&q=70)
Алжир Республикасы Елшілігі 2024 жыл, 20-шы тамызда «Күрескер
батыр Ұлттық күні» атауымен мерекелік іс-шара ұйымдастырды
Астана, 2024 жыл, 20-шы тамыз
Бүгін, Алжир Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі
2024 жылдың 20-шы тамыз күніне тұспа-тұс келген жыл сайынғы
Күрескер батыр Ұлттық күнін даңқы әлемге тараған ер жүрек
қайсар ұрпақтарының есімдерін мәңгі ету мақсатында «Адалдық –
Жаңғыру -Жалғастыру» ұраны аясында атап өтті.
Мерекелік іс-шара барысында, Елшіліктің ауласында елдің ұлттық туы
көтеріліп, мемлекеттік ән ұран шырқалды және шейіт болған
қаһарман батырларының рухтарына арналып, минуттік үнсіздік
жарияланып, Фатиха сүресі оқылды.
Содан соң, мәртебелі елші Камал Финиш тарихи тұрғыдан бұл ұлы
күннің маңыздылығы жайында баяндама жасап, Алжир елі өзінің
есімдері әлемге тараған даңқты батырларымен, тәуелсіздік жолында
құрбан болған шейіттеріне адалдығымен, қараша айының жолдауымен
мақтан ететінін сөзге тиек етті. Алжир Республикасының Президенті
Әбдельмаджид Теббун мырзаның «Ұлттық тарихи естелік тақырыбы,
бұл қасиетті ұлттық міндет» - деп айтқан сөзін еске түсірді.
Оған қоса, бұл естелік іс-шаралар ұлт-азаттық іс-қимылдың бір
жағынан Алжир мәселесін сыртқа шығарып, екінші жағынан әскери-
саяси іс-қимылды құрылымнан өтікізіп, ұйымдастыруң қажетілігіне
аса назар аудартқанына тоқталды.
1955 жылы орын алған Константиннің солтүстігіндегі шабуылдың
Алжир халқының дауысын әлемге естіртуге мүмкіндік жасағанын,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының бас қосуындағы басты
күн тәртіпке қойылуына мүмкіндік бергенін айтты.
Мәртебелі Елші мырзаның баяндамасынан соң, жиналған қауым
құрбан болған батырларының рухына тағзым етіп, ұлт жадында мәңгі
сақталуына, пейіштері Фердауыс жәннаты болсын деп дұға-
тілектерін жасады.
Алжир елі жасасын, батыр шейіттеріміздің есімі ешқашан сөнбесін!!!!