logo Ministry of Foreign Affairs
People's Democratic Republic of Algeria
Embassy of Algeria in Astana

Жоғарғы Жастар Кеңесінің мүшелігіне кандидатура туралы хабарландыру

Жоғарғы Жастар Кеңесінің мүшелігіне кандидатура туралы хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

(Жоғары жастар кеңесінің мүшелігіне кандидатура ұсыну туралы)

 

Жоғары жастар кеңесінің құрамын жаңарту аясында шетелде тұратын алжирлік қауымдастық өкілдеріне арнайы бөлінген орындар бойынша Кеңес құрамына ұсыну үшін бір ер адам мен бір әйелден тұратын екі өкілді іріктеуге кандидаттар қабылдау басталғанын Алжир Халық Демократиялық Республикасының Астанадағы Елшілігі Қазақстанда тұратын барлық алжирлік қауымдастық өкілдерінің назарына жеткізеді.

Осыған байланысты кандидатурасын ұсынуға ниетті азаматтар төмендегі талаптарға сай келген жағдайда өздерінің кәсіби қызмет жолы, еңбек тәжірибесі, білім деңгейі, сондай-ақ шетелде тұратын алжирлік қауымдастық алдындағы ықтимал міндеттемелері көрсетілген түйіндемелерін жолдауы қажет.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • Жасы 18 бен 35 жас аралығында болуы;
  • Білім деңгейін растайтын құжат ұсынуы;
  • Барлық азаматтық құқықтарға ие болуы;
  • Ар-намысы мен адалдығына нұқсан келтіретін әрекеттері үшін сотталмаған болуы;
  • Дипломатиялық өкілдікпен, әсіресе алжирлік қауымдастыққа қатысты іс-шаралар бойынша ынтымақтасуға дайын әрі ниетті болуы.

Кандидатура құжаттарын ұсынудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 8 қараша.

Барлық құқықтар қорғалған - Сыртқы Iстер Министрлігі және Шетелдегі Ұлттық Қоғамдастық - 2023