logo Ministry of Foreign Affairs
People's Democratic Republic of Algeria
Embassy of Algeria in Astana

Елшінің Ұлттық студенттер күніне орай сөйлеген сөзі, 2026 жылғы 19 мамыр

Елшінің Ұлттық студенттер күніне орай сөйлеген сөзі, 2026 жылғы 19 мамыр

Елшінің Ұлттық студенттер күніне орай сөйлеген сөзі, 2026 жылғы 19 мамыр

 

Елшінің 2026 жылғы 19 мамырға сәйкес келетін Ұлттық студент күніне арналған құттықтау сөзі Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар!
Бүгін біз жыл сайын 19 мамырда атап өтілетін Студент күніне арналған даңқты мерекені қарсы алып отырмыз. Бұл – 1956 жылы Алжир студенттері Отанның үндеуіне жауап беріп, Ұлттық азаттық армиясының қатарына қосылған тарихи күн. Олар білім мен күрестің бір мақсатқа — Алжирге
қызмет етуге, оның егемендігі мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталғанын
дәлелдеді.


Студент күні – ұлттық сананың, жастардың адалдығы мен Алжир ұл- қыздарына тән мықты ерік-жігердің символы. Ұлттық қозғалыстың алғашқы кезеңдерінен бастап студенттер мен жоғары оқу орындары еркін ойдың шамшырағы әрі заманауи Алжир мемлекетін құруға үлес қосқан көшбасшыларды тәрбиелейтін орта екенін көрсетті.


Бүгінде біз сол құрбандықтарды еске ала отырып, әлемнің түкпір-түкпірінде білім алып жүрген алжирлік студенттердің ғылыми жетістіктері мен зерттеу саласындағы табыстарына, әлемге ашық көзқарасына зор құрметпен қараймыз. Бұл Алжирдің халықаралық беделін нығайтып, оны барлық
саладағы қарқынды өзгерістерге бейім ел ретінде танытады.
Алжир бүгінде барлық бағытта сенімді қадаммен даму жолында келеді және осы жолда саналы жастарға, әсіресе студенттерге үлкен үміт артады. Олар елдің дамуына серпін беретін және болашақты бірге қалыптастыратын басты
күш болуы тиіс. Қазіргі таңда білім – қуаттың негізі, ал студентке салынған инвестиция – Отан болашағына салынған ең тиімді инвестиция.


Осы мерекеге орай, еліміздегі және шетелдегі барлық алжирлік студенттерге шынайы құттықтауымыз бен мақтаныш сезімімізді білдіреміз. Оларға толағай табыс пен мол жетістіктер тілейміз. Сонымен қатар, Алжирдің өршіл, жастары мықты, тарихын құрметтейтін әрі жарқын болашаққа ұмтылған келбетін танытатын ғылыми және мәдени бастамаларды әрдайым қолдайтынымызды атап өтеміз.


Алла тағала азаттық жолында жанын қиған барлық шейіттерді рақымына бөлесін! Студент жастарымызға ел игілігі мен мемлекетіміздің өркендеуі жолында табыс нәсіп етсін! Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

Барлық құқықтар қорғалған - Сыртқы Iстер Министрлігі және Шетелдегі Ұлттық Қоғамдастық - 2023