logo Ministry of Foreign Affairs
People's Democratic Republic of Algeria
Embassy of Algeria in Astana

Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің 1961 жылғы 17 қазандағы оқиғаларды еске алу рәсімінде сөйлеген сөзі

Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің 1961 жылғы 17 қазандағы оқиғаларды еске алу рәсімінде сөйлеген сөзі

Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің 1961 жылғы 17 қазандағы оқиғаларды еске алу рәсімінде сөйлеген сөзі

بسم الله الرّحمن الرّحيم

Ханымдар мен мырзалар, қадірлі әріптестер!

Бүгін біз 17 қазанды еске алу үшін жиналып отырмыз. Бұл күн алжирліктердің жүрегінде отаршылдық тарихының қанды беттерінің бірі ретінде сақталған. Сол күні Париждегі алжирлік қауымдастық өкілдері бұрын-соңды болмаған қуғын-сүргін мен теңдессіз әділетсіздікке ұшыраса да, бостандыққа деген заңды құқықтарына адал екенін көрсетті. Бұл отаршылдық билік халықтың қорлықты қабылдамай, әділетсіздікке қарсы тұру жөніндегі ерік-жігерін мойындағысы келмеген кезең еді. Алайда бостандық пен әділдік жолындағы күрес қанша уақытқа созылса да, қандай құрбандықты талап етсе де, халық өз таңдауынан бас тартпады.

Мыңдаған алжирлік бейбіт әрі өркениетті шерулерге шығып, Даңқты Қараша революциясының отаршылдық үгіт-насихаты мәлімдегендей, қоғамдық тірегі мен саяси бағдары жоқ шағын топтың бастамасы емес екенін бүкіл әлемге паш етті. Бұл — тәуелсіздік мақсаты төңірегінде біріккен тұтас халықтың революциясы еді.

Алайда бейбіт шерулер қанды қуғын-сүргінмен басылды. Жүздеген алжирлік қаза тауып, олардың денелері Сена өзеніне лақтырылды. Бұл оқиғалар отаршылдық тарихының ең қаралы беттерінің біріне айналды. Алжир халқының ерік-жігеріне төтеп бере алмаған отаршылдық биліктің зорлық-зомбылықтан басқа амалы қалмағанын осы оқиғалар тағы да дәлелдеді. Ал алжирліктер өздерінің бейбіт ұстанымы арқылы әлемге сол кезде болып жатқан оқиғалардың шынайы мәнін көрсетті.

Қадірлі әріптестер!

Осы тарихи күнді еске алу бізге Алжирдің азаттық жолындағы күресі тек тауларда ғана емес, ел ішіндегі және шетелдегі қалалардың көшелерінде де өрбігенін еске салады. Париждегі алжирлік қауымдастық ұлттық азаттық күресінің ажырамас бөлігі болды, ал оның құрбандықтары Даңқты Қараша революциясының заңды жалғасына айналды.

Сөзімді қорытындылай келе, 17 қазан шейіттерінің және Алжирдің барлық шейіттерінің рухына тағзым етіп, Алла Тағаладан олардың баршасына мол сауап жазуын, Отанымызды барлық жамандықтан сақтауын, елімізге қауіпсіздік, бірлік пен тұрақтылық нығметін мәңгілік етуін тілейміз.

Жасасын Алжир! Азаттық жолында қаза тапқан шейіттерге мәңгілік даңқ!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет.

 

Барлық құқықтар қорғалған - Сыртқы Iстер Министрлігі және Шетелдегі Ұлттық Қоғамдастық - 2023